10 желтоқсан күні С. Торайғыров атындағы мектептің 11 сынып оқушылары үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат және қазақ зиялыларының жарқын өкілі Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Тұранның тұғырлы тұлғасы» атты тарихи сағаты өтті. Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, түркі халықтарының бірлігі үшін көрнекті күрескер Тұрар Рысқұловтың есімі еліміздің тарихында ерекше орын алады. Оның мерейтойы Қазақстанның дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болып, еліміздің мәдени өміріне үлкен әсерін тигізді. Тұрар Рысқұловтың еңбектері мен күресі әрдайым құрметке лайық, өйткені оның іздері біздің тарихымыздың беттерінде алтын әріптермен жазылған. Іс-шара аясында оқушыларға Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, «Тұрар Рысқұлов — тәуелсіз Қазақстанның баға жетпес қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оның мұрасы мен тұлғасы туралы көптеген ақпараттар ұсынылды.