23 сәуір күні Кеңес Одағының ұлы адамдарының бірі ғана емес, ХХ ғасырдың ұлы тұлғасы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай және «Туған өлкенің мәдениетімен әдебиеті» жобасы аясында «Қазақтың ұлы ғалымы – Қаныш» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кешті «Еркемай» домбыра үйірмесі «Көрғұлы» күйімен ашты. Тақырыптық кешке Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі көпшілік бөлімінің экскурсовод жетекшісі Жеңісбек Қадырұлы «Дара дарын – Қаныш Сәтбаев» атты мұражайдан әкелінген көрмесімен таныстырды. № 40 ЖОМ мектебінің мұғалімі Серікбаева Тансамал Серікқызы «Қаныш — ғарыш» доклад оқып, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай қаңтар айында география пәнінің кабинетіне академиктің аты берілгенін жеткізді. Оқушылар Балғабек Аяжан және Гладышева Анастасия Қ. Сәтбаевқа арналған өлеңдер оқыды. Кеш «Еркемай» домбыра үйірмесі «Кеңес» күйімен аяқталды.