«Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Пейіш» фильмі көрсетілді. Фильмнің желісі психикалық дамуы сегіз жасар баланың деңгейінде қалған 35 жастағы Әділдің таңғажайып оқиғасына негізделген. Әділ шағын ауылда 75 жастағы анасы Райхан апамен тұрады. Райхан апа Әділге Алла тағала оны ерекше жақсы көретінін, сондықтан оның тікелей жұмаққа баратынын айтып отырады. Бірақ Әділ анасынсыз жұмаққа барғысы келмейді. Бір күні оған сегіз жасар досы анасын киелі Меккеге жаяу апарса, анасы жәннатқа барады дейді. Әділ таңғажайып саяхат жасау туралы батыл шешімге келеді. Ол анасын арбамен жаяу Меккеге апаруға бел буады. Райхан апа ұлы Әділге жұрт күле ме деп қорқып, сапарға келіседі. Осы қызық сапарда Әділ мен Райхан апа талай сынақтан өтіп, жол бойында көптеген мейірімді адамдарды кезіктіреді. Фильм ананың ұлына деген махаббаты шексіз екенін және ұлтына қарамастан адамзат атаулы ана үшін қиындықты еңсеруге барын аямайтынынын тағы бір дәлелдейді.