Кітапхана – бұл адамзат мәдениеті мен білімінің алтын қазынасы сақталатын киелі орын. Ол тек кітап сақталатын қойма емес, сонымен бірге рухани демалыс орны, жаңа идеялар мен ойлардың қайнар көзі. Кітапханалар мыңжылдық тарихты бойына жинақтап, қазіргі заманғы жастарды білім мен әдебиет әлеміне баурайтын алтын көпір қызметін атқарады. О. Сүлейменов атындағы оқу залында өткен «Оқу сәнді. Кітапханаға бару беделді» саяхаты осындай бастамалардың айқын үлгісі болып табылады. Мұндай іс-шаралар жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, білімге ұмтылыстарын оятатыны сөзсіз. Кітапхана – әрбір оқырман үшін білім алуға, өзін-өзі дамытуға және рухани байлыққа жетудің ең сенімді серігі. “Көп оқыған, көп білер” деген нақыл сөз кітапхананың маңызын тағы бір дәлелдейді.