«Тәрбие – тал бесіктен басталады»

Ұлттық тәрбие — болашақ кепіл» жобасы аясында 19 қараша күні Малайсары батыр атындағы мектептің 5 сынып оқушыларына «Тәрбие – тал бесіктен басталады» атты тәрбие сағаты өткізілді. Жүргізуші жалпы тәрбие туралы, тәрбие — тал бесіктен басталатыны туралы айтып, содан кейін отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталып, әр отбасының өз әдеттері, дәстүрлері бары және ұлттық тәрбие маңыздылығы туралы ой қозғады. Тәрбие сағатының бағдарламасыда: «Мақалдың жалғасын тап» мақал-мәтелдерді жалғастырып айту; «Білімдіге дүние жарық» ойыны; «Отбасы мүшелері» жұмбақтар шешу ойыны; «Қазақтың туыстық атаулары» ойыны; «Отбасы құндылықтары» — оқушылар тест сұрақтарына жауап берді. Шара соңында «Тәрбие — отбасынан басталады», «Баланың көңілі» тәрбиелік мәні бар бейнебаяндар көрсетіліп, балалар өз ойларын ортаға салып, шараға белсене қатысты.

Комментарии запрещены.