Жетекші ауылының көпшілік кітапханасында Ертіс өңірінің жұртшылығы әйгілі қазақ ақыны, публицист, этнограф және ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Алтын жердің түйіршігі» атты әдеби- музыкалық кеші өтті. Мерекемізде Жетекші ЖООМ оқушылары мен оқырмандары қатысты. Жерлесіміздің шығармашылығы мен өнегелі өмірі туралы,еңбектеріне деген қызығушылық жыл санап артып келетінін жеткізді. М. Көпеевтің еңбектері лингвистика, историографика, әдебиет, философия және өзге бағыттар бойынша зерттеу нысанына айналуда. Шара барысында Теміржолшылар кенті Мәдениет үйінің меңгерушісі Такирова Алмагуль және Жетекші МОСО мәдени ұйымдастырушысы Сатимов Бағдат әндерін орындады. Ауыл тұрғындары М.Көпеевтің өмірбаяны мен қызықты оқиғаларын айтып берді. Оқушылардың орындауындағы Құрманғазы күйлері мен М. Көпеевтің өлеңдері әдеби кештің көрігін қыздырды. Сонымен қатар, кітаптар көрмесі ұйымдасатырылды.