«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында №3 кітапханада жазушы, ақын, сценарист Бердібек Сокпақбаевтың шығармашылығы бойынша «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби оқу күні өтті. Оқудың мақсаты — оқылғандарды тыңдау және түсіну үшін белсенді тыңдауға үйрету, әдебиетпен ұдайы араласуға үйрету, кітапқа қызығушылық тудыру. Балалар мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап берді, кейіпкерлерге мінездеме берді, өз әсерлерімен бөлісті. Кітап іс-шараның барлық қатысушыларын ойландырды, өйткені әдеби шығармалар кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалау және олардың қателіктерінен сабақ алу үшін жасалады.