«Сәкен — жырдың сарқылмас дариясы»

Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер – коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл толуына орай «Сәкен — жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби кеші өткізілді.
Шараға № 40 ЖОМ-нің 8 а сынып оқушылары қатысты. Шара барысында халқымыздың аяулы ұлы, қазақ совет ақыны, жазушы, коммунистік мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан ақын Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығымен танысып, «Алаш ардақтысы – Сәкен Сейфуллин» бейнеролик көрсетілді. Ал оқушылар ақынның өлеңдері «Ақсақ киік», «Көкшетау», «Бурабай», «Оқжетпес» және «Аққудың айырылуы» поэмадан үзінділер оқыды. «Қазақ әдебиетінің ақ сұңқары» кітап көрмесі ұйымдастырылып «Сәкеннің сырсандығы» библиографиялық шолу өткізілді.

Комментарии запрещены.