Ақпарат күніне орай «Кітап жаңалықтары» атты бейнешолу дайындалып, өткізілді. |
27 қарашада кітапханада «Ұмытылған кітаптарда танысқысы келеді» шолуы өтті . Бұл өткен жылдардағы кітаптар, бірақ үлкен және бай мазмұнмен баурап алады. |
22 қараша күні # 2 балалар кітапханасында КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналып «Қазақ операсының бұлбұлы-Бибігүл Төлегенова» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттік шолу жасалды. |
ҚР Халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегенованың туғанына 95 жыл толуына орай «Бүкіл әлемді баурап алған дауыс» кітап көрмесіне шолу. |
Ұлттық валюта күні мерекесінің қарсаңында 4 көпшілік кітапханада оқырмандардың кең ауқымы үшін «Теңге — мемлекеттің нышаны» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. |
Балалар өлеңінің ақыны, Қазақстанның құрметті журналисі, Ертіс ауданының Құрметті азаматы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және «ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» медалінің иегері Мүбәрак Кәрімұлы Жаманбалиновтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» виртуалды көрмесі. |
№4 көпшілік кітапхананың кітапханашысы «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби шолуды ұсынды. |
|
2024 жылдың 28 қазанында кітапханада «Жаңа кітаптар» атты библиографиялық шолу өтті. Бұл күні кітапханаға жаңадан келген әдебиеттер оқырмандармен таныстырылып, арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрме арқылы кез келген жанрдағы қызықты кітаптарды таңдап алу мүмкіндігі болды. Кітапханашы оқырмандарды жаңа әдебиеттер әлеміне саяхат жасауға шақырды. Жаңа кітаптар ересектерге, балаларға және жасөспірімдерге арналған түрлі мазмұндағы шығармалар арқылы қуанышты сәттер сыйлады. |
|
«Шындық деп өткен жан еді» – Зейін Шашкин туралы естеліктер жинағы. Қ.Нығманұлының «Естай» поэмасы – әдеби шығарма. А.Қ.Тұрышевтың «Ғылымхал» монографиясы – ғылыми зерттеу еңбегі. Ғ.Жұматовтың «Антивирус» әзілдер жинағы – сатиралық жанрдағы шығарма. «Қос тіл – қос қанат» / «Два языка – как два крыла» – қос тілде жарық көрген жыр жинағы. |
Қазақ совет ақыны, жазушы, коммунистік мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкеннің сыр сандығы» библиографиялық шолу. |
Өңіріміздің ақыны Сүлеймен Баязитовтың 80 жылдығына арналған. “Баян өңірінен шыққан сырлы ақынымыз” виртуальды көрмесі. |
2 қазан күні № 3 көпшілік кітапханада «Қолөнер — сырлы өнер» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеде қазақтың қол өнеріне жататын кітаптар ұсынылды. Олардың ішінде: Сырмақ өнері, Қазақтың кесте өнері, Қазақтың қолданбалы өнері. |