“Балалар әдебиетінің бәйтерегі — Мүбәрак Жаманбалинов”

“Балалар әдебиетінің бәйтерегі — Мүбәрак Жаманбалинов” әдеби кеш.
Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасы Мүбәрак Жаманбалиновтың 100жылдығына арнап әдеби кеш өткізді. Кеште М.Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалып,көрермен назарына видео ролик ұсынылды. Сахна төрінде Увалияахмет Айнелхаят пен Кенжекөл балалар музыка мектебінің ұстаздары күй орындады. Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 9”а” сынып оқушылары ақынның өлеңдерін оқыды. Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасынын кітапханашысы кітап көрмесіне шолу жасады. “Кең дала” би ансамблі “Күміс көл” қазақ биін билеп, Кенжекөл балабақшасының музыкалық жетекшісі Тілеуберді Жадыра ән орындады. Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Балакина Гүлсара Кабдуалиновна, Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасының меңгерушісі Жұмабай Амангүл құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға белсене қатысқан өнерпаздар алғыс хатпен марапатталды.

Комментарии запрещены.