Бүгінгі күні қоғам алдында тұрған ең өткір жаһандық проблемалардың бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Біздің елімізде осы апатқа қарсы күрес жалпымемлекеттік міндет болып саналады және оны болдырмау бойынша жүйелі әрі жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2024 жылдың 18-ші қырқүйегінде Павлодар қ. ОМЛИОД мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-уақыт талабы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шарада балалар жемқорлықтың ел қауіпсіздігіне төнген елеулі қатер екенін білді, бұл әдептілік пен адалдықтың жоқтығы; дұрыс емес жолмен пайда табу үшін тиімді жағдайды пайдалану. Сондай-ақ, балалар сыбайлас жемқорлық тарихымен және оған қарсы күрестің пайда болуымен танысты. Жемқорлықтың түрлері мен формалары туралы білімдерін толықтырды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен не үшін күресу керектігін және онымен күресудің қандай әдістері бар екенін білді.