9 қыркүйек күні 4 сынып оқушылары үшін № 43 мектептің кітапханашысы А. З. Сүлейменовамен бірлесіп Отбасы күніне орай «Отбасы — үлкен ғажайып» таным — әңгімесі өткізілді. Отбасы әрқайсымызға қажетті: бұл жақын және туыс, біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейтін адамдарымыз. Оқушылар әр адам үшін отбасылық жылулық пен әл-ауқаттың қаншалықты маңызды екенін айтты. Балалар отбасы мен үй туралы мақал — мәтелдерді еске алып, отбасы мүшелері туралы жұмбақтар шешті, «Бір сөзбен атап өт», «Отбасындағы ең бастысы» ойындарына қатысты, «Отбасылық құндылықтар» гүлін жинады, «Отбасы — шабыт көзі» кітап көрмесімен танысты.