«Суретші туралы суреттер айтып береді»

Кітапханада павлодарлық суретші Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың 70 жылдығына арналған «Суретші туралы суреттер айтып береді» атты тақырыптық кеш өткізілді. № 43 орта мектептің 7 сынып оқушылары суретшінің өмірі мен шығармашылығымен танысты. Іс-шараның қонағы-Н.Нұрмұхаммедов атындағы өнер мұражайының экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің басшысы — Апалимова Татьяна Юрьевна суреттер мен суретшінің өміріндегі қызықты фактілер туралы айтты. Қ-Ғ. Қаржасов-қазақ суретшісі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақ халық сәндік-қолданбалы шығармашылығының дәстүрлері бойынша ол ұлттық нақышында өзінің стилін дамытты. Естелік ретінде кітапханаға «Ғалым Қаржасов» кітабы сыйға тартылды.

Комментарии запрещены.