«Туып өскен қымбатты туған өлкем»

№ 3 көпшілік кітапханада П. Васильев атындағы және «Истоки» әдеби бірлестіктерінің мүшесі, мерейгер ақын Жасұлан Садықовпен «Туып өскен қымбатты туған өлкем» атты шығармашылық кездесуі өтті. Кездесу барысында ақын өзі, шығармашылығы туралы әңгімелеп, өлеңдерін оқып берді. Осы айтулы шарада № 33 мектеп оқушылары мен оқырман қауымы тарапынан да сұрақтар қойылды. Кітапханада өткен ақынмен кездесу сұхбат түрінде ұйымдастырылып, тамаша кездесу үлкен әсер қалдырды. Шара соңында ақын кітапханаға кітаптарын тарту етті.

Комментарии запрещены.