«IT-мамандар күні»

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы оқушылардың шығармашылық дамуына ықпал ету және IT-мамандықтарға қызығушылықты ынталандыру мақсатымен № 2 балалар кітапханасының кітапханашылары М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің 5 «З» оқушыларына «IT-мамандар күні» атты мамандар күнін өткізді. Олар бұл атаулы күнінің шығу тарихын әңгімеледі. Ағылшын графинясы Ада Лавлейс негізін қалаған компьютерлік бағдарламалары жайлы қызықты деректер айтты. Кейін «OYLA» журналының және кітапханаға жаңадан түскен Андреас Штадлердің «Моя книга о LEGO EV3» кітабының шолуы өткізілді.«Нейросеть: как электронный мозг «захватывает» мир» атты кітап және журналдар көрмесі ұйымдастырылды. Информатика мұғалімі Садыков Рустам Талгатбекович оқушыларға интерактивті тақтада «Соревнования по Робототехнике-2024» атты слайд-презентациясын көрсетті. Пайдалы да қызықты кездесу өтті деуге болады.

Комментарии запрещены.