18 қыркүйек күні № 21 ЖОББМ 7 сынып оқушыларына көрнекті қазақ ақыны, ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған «Өлеңдер қартаймайды» атты әдеби сағат өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың ақын тұлғасы туралы түсініктерін қалыптастыру; оның шығармашылығы арқылы поэзияның сиқырлы әлемін көрсету; ақын-азаматқа, өз Отанының патриотына деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Фариза Оңғарсынова көптеген кең таралған шығармалардың авторы ретінде оқырмандардың жадында мәңгі қалады. Оның өлеңдері, очерктері, әңгімелері біздің елде ғана емес, шетелде де танымал болды. Іс-шара барысында жүргізуші Калиева Динара Амангельдиновна оқырмандарды ақын, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады. Оқырмандармен ақынның өлеңдері оқылды, «Қазақтың ақын қызы — Фариза Оңғарсынова» бейнеролигі көрсетілді. Оқушылар «Фаризажан» әнін тыңдап, слайд-презентацияны тамашалады. Ары қарай балалар ақын Фариза Оңғарсынованың «Перзент сөзі», «Анама» ,«Туған жер», «Фаризаға арнау», «Сағындым» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Жыр падишасы – Фариза Оңғарсынова» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда Фариза Огарсынованың өмірі мен шығармашылығын, ақын шығармаларының жинағын, оның таңдаулы шығармаларын қамтитын кітаптар қойылды.