«Халқы сүйген қаламгер»

16 қыркүйек күні «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында жазушы Б. Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай Павлодар ауылының көпшілік кітапханасының қызметкерлері № 40 мектептің 5 сынып оқушыларына «Халқы сүйген қаламгер» әдеби сағаты өткізді. Кітапханашылар балалар жазушысының өмірі мен шығармашылығын таныстырды. Оқушылар «Менің атым Қожа» кітабының сюжетін белсенді талқылады, сонымен қатар, балаларға «Балалар әдебиетінің классигі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу өткізілді.

Комментарии запрещены.