«Кешкі кітапхана» жобасы аясында, 6 қыркүйек күні Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында Отбасы күніне арналған «Отбасы – шағын мемлекет» әжелер кеңесі өтті. Іс-шараға № 17 ЖОББСОБМ және № 24 ЖББОМ 6 сынып оқушылары және «Әжелер мектебінің» мүшелері қатысты. Әжелер отбасының маңыздылығы, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы туралы айтты. Іс-шара отбасы мен еліміздің дәстүрлері туралы жазылған кітаптарға шолу жасаумен аяқталды.