№2 балалар кітапханасының қызметкерлері Қазақстан халқының тілдері күніне арнап «Тілі бірдің-елі бір» жедел ақпаратын Павлодар қаласының № 5 балабақшасының тәрбиеленушілеріне өткізді. «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес мереке 5 қыркүйекке-қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне бекітілді. Бұл айтулы күннің көрнекті ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен сәйкес келуі-оның жеке басына деген құрмет. Ахмет Байтұрсынов бүкіл өмірін туған халқының тағдыры мен тілі үшін күреске арнап, ұрпақтарына қазақ әліпбиін, графикасын, құрылымы мен орфографиясын жазып, мұра етіп қалдырды. Балалар іс-шараға белсенді қатысты. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілінде жұмбақтардың жауабын анықтап, кітап көрмедегі көркем де қызықты кітаптармен танысты.