«Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі»

6 қыркүйек күні Малайсары батыр атындағы мектебінің актовый залында 5 сынып оқушылары үшін Отбасы күні мерекесіне орай «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» ақпараттық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға мереке дәстүрлері туралы айтып берді. Бұдан әрі бағдарламада: «Отбасы-маңызды құндылық», «Отбасы-тұралы» бейне материалдар көру, «Отбасы-бақыт мекені» презентациясы, отбасы туралы жұмбақ-мақал-мәтелдер. Іс — шара соңында балалар қазақстандық эстрада әншісі Қарақаттың «Асыл әжем» әнін тыңдап, «Берік отбасы-мемлекеттік тірегі» атты кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар, 02-08 қыркүйек аралығында кітапханада «Берік отбасы — Мемлекеттік тірегі» айдарымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар белгілі бір дәрежеде отбасы мен тәрбие тақырыбына қатысты көркем шығармаларды қарады.

Комментарии запрещены.