«Береке отбасы – мемлекет тірегі»

5 қыркүйек күні Отбасы күнін мерекелеуге арналған апта аясында № 5 мектептің оқушылары үшін «Береке отбасы – мемлекет тірегі» атты жедел ақпараты өткізілді. Кітапханашы жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтілетіні туралы айтып өтті. Биыл 2-8 қыркүйек аралығындағы Отбасы күнін мерекелеуге арналған аптаның тақырыптық бағыттар бойынша өткізу ұсынылды. 5 қыркүйек күні «Дені сау ұрпаққа» арналады. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Жас ұрпақтың дені сау, білімді болса, болашағымыз жарқын болмақ. Ол үшін әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерд ен аулақ болу қажет.

Комментарии запрещены.