5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай № 5 мектептің 5 сынып оқушылары үшін «Тіл – халық жанының кілті» атты әдеби сағаты өткізілді. 5 қыркүйекте қазақстандықтар Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтеді. Мереке барлық ана тілдеріне, әрине, мемлекеттік тілге, қазақ тіліне деген құрмет. Бұл мереке қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орайластырылған. Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Іс-шара барысында кітапханашы оқушылармен тілді сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелесіп, тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасады. Балалар тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.