29 тамыз күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесімен бірге Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата заңым – ардақты!» атты ақпарат сағаты өткізді. Жүргізуші әр жылдары қабылданған Қазақстан Республикасы Конституцияларының тарихымен таныстырды. Шара барысында слайдтар, бейнероликтер, кинофильмдерден үзінділер, патриоттық әндер айтылып, ҚР Конституциясының негізгі тарауларын, ҚР Заңдарын, Отанымыздың тарихын білуге арналған зияткерлік ойын-конкурстары мен кітапхана қорында бар кітаптарға электронды презентация-саяхат өткізілді. Шара соңында композитор Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.