29 тамыз күні № 3 көпшілік кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күні орай оқушылармен «Конституция және жастар» атты құқықтық сағат өткізілді. Мақсаты: жасөспірімдерде құқықтық білім, қоғамдағы заңды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Кітапханашы жиі жасалатын құқық бұзушылықтар туралы айтып, нақты мысалдар келтірді. Оқушылар киберқылмыстар туралы ақпаратты тыңдап, Интернет желісіндегі мінез-құлықтың негізгі ережелерін еске алды және өзара ойын жағдайында құқықтық мәдениетті қалыптастыру тапсырмаларын орындады. Кәмелетке толмаған оқушылар өздерінің кез келген әрекеті үшін жеке жауапкершілік жүктелетінін білді.