«Спорт — денсаулық кепілі»

Наганодағы (Жапония, 1998 жыл) Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Вячеславовна Прокашеваның 55 жылдығына орай № 3 көпшілік кітапханада 13 тамызда сағат 12.00-де «Спорт — денсаулық кепілі» тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтының басты шарттарының бірі ретінде спорт туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтына тарту. Балалар викторина сұрақтарына жауап беріп,  «Мен сенбеймін» ойынын ойнады, әртүрлі спорт түрлерін суреттеп және денсаулық пен спорт туралы мақал-мәтелдерді жалғастырды. Балалар көңілді күйде денелерін шынықтырып, ашық ауада спорттық ойындарға белсене қатысты.

Комментарии запрещены.