«Сұлулық өз қолымен»

«Сырғалым» жобасы аясында 20 маусымда № 3 көпшілік кітапханада «Сұлулық өз қолымен» кесте тігу шеберімен кездесу өтті. Ханый Күріш тоқу бойынша шеберлік сабағын өткізіп, кітапханаға өз жұмысын ұсынды. Ол мектеп жасынан бастап кесте тігумен айналысады және әр бос уақытын өзінің хоббиіне арнайды. Іс-шара барысында қолөнерші кесте тігудің әртүрлі түрлері туралы айтып берді, қатысушыларға жұмыс үшін жіпті қалай таңдау керектігін, кесте инесін қалай дұрыс ұстау түсіндірді. Шығармашылық кездесуде Күріш апай әр түрлі техникамен және әртүрлі материалдармен кестеленген өз жұмыстарын ұсынды, қатысушылармен өз шеберлігінің құпияларымен бөлісті. Содан кейін шебер практикалық сабаққа көшіп, іс-шараға қатысқандардың барлығына кесте тігу сабағын өткізді.

 

Комментарии запрещены.