«Тарих беттері арқылы»

2024 ж. 1 тамызда сағат 12.00-де № 3 көпшілік кітапханада қазақтың көрнекті ғалым-этнографы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Халел Арғынбайұлы Арғынбаевтың 100 жылдығына арналған тарих сағаты өтті. Мақсаты: оқырмандарды ұлы ғалымның мұрасымен таныстыру, оқырманның ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілікті ояту. Халел Арғынбаевтың Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеудегі еңбектерінің маңыздылығына, Қазақстан тарихының этнографиясын, оның ішінде ауызша халық шығармашылығы саласындағы жұмысын зерттеуге қосқан үлесіне тоқталды. Халел Арғынбайұлы Арғынбаев Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институтының Этнография бөлімін басқарды. Қазақстан халықтарының тұрмыстық және шаруашылық мәдениетін алғаш рет егжей-тегжейлі баяндаған бірқатар ғылыми-танымал монографиялардың авторы, өзінің қазақстандық этнографтар мектебін құрды.

 

Комментарии запрещены.