«Біздің болашағымызға ядролық қаруға жол жоқ»

15.08.2024 ж. «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 35 жыл толуына орай Павлодар облысы Қорғаныс істері Департаментінің әскери қызметшілеріне «Біздің болашағымызға ядролық қаруға жол жоқ» атты тарихи кеші өтті.
Шара барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, ф.ғ.д. Тұрышев А.Қ., «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Жұматов Е.С. Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, сынақтардың адамдарға, қоршаған орта мен табиғатқа тигізген әсері, 1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 480 қару түрі сыналғандығы, Олжас Сүлейменов басқаратын «Невада-Семей» қозғалысы туралы ойларын ортаға салса, «Нұрана» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ән өнерінің Облыстық лауреаты
Уақпаева Қ. М., Қазақ аналары «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, Шаяхмет Д. С. «Жауынгерлік өнер» орталығының бапкері, қол күрес шебері туған жерімізге арналған әндерді нақышына келтіре орындады.
Сонымен қатар, «Қазақстан – ядролық қарусыз болашаққа» және «Невада – Семей» бейнебаяндарын тамашалап, кітапхана қорындағы кітаптардан «Семей полигоны — тарихтың қасіретті беттері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.