«Оқырман жастарға қосылыңыз!»

Халықаралық жастар күні 13 тамызда сағат 17.00-де № 3 көпшілік кітапханада балалармен «Оқырман жастарға қосылыңыз!» кітапсүйерлердің ралли шарасы атап өтілді. Іс-шараның негізгі мақсаты жастар арасында оқуды насихаттау. Іс-шара басында жастарды мерекемен құттықтап, әлемдегі және еліміздегі кітапханалар туралы әңгімеледі. Қатысушылар өздерінің болашағын қалай көретіні және ондағы кітаптардың маңызды рөлі туралы айтты. Екі адамнан тұратын екі командаға бөлініп, іс-шараға қатысушылар біраз уақыт жарнама агенттері болды. Бағдарлама жаттығудан басталды, қатысушылар өздерінің танымал жарнамалық ұранын аяқтады. Екінші кезеңде балалар кітаптардың төңкерілген атауларын тапты. Содан кейін кітапхана қызметкерлері «ХХІ ғасыр жастары: болашаққа қадам» атты кітап көрмесіне шолу жасап және қатысушыларды жаңа кітаптар қойылған «Мен жаңа кітаппын, ал, оқы!» ашық көрсетіліммен таныстырылды.

Комментарии запрещены.