«Абай мұрасы»

08.08.2024 ж. 10 тамыз — Абай күніне орай кемеңгер ойшыл, ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлына арналған «Қазақстан республикасы ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімі» сарбаздарына «Абай мұрасы» атты әдеби сағаты өткізілді. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғаны мен Абай біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай қазақтың барлық жерінде туып, барлық жерінде туын ұстап тұрған кемеңгер. Абайдың кемеңгерлігінің бірі оның қарасөздері, аудармалары, поэмалары қазақ халқын ғана емес, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны — білген адамға айқын шындық. Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді. Абай жақсыны дәріптеді, өзіне жақын тұтты.
Шара барысында:осындай ұлы, кемеңгер Абайдай ақынның шығармашылығындағы сөз өнерінің қыр – сырымен таныстырылыпп, көркем сөйлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке арналған өлеңдері мен әндерінен табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру еңбектерінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Иса Байзақов атындағы Облыстық филармониясының солисі Бекен Жоламанов Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» және «Айттым сәлем Қаламқас» әндерін нақышына келтіре орындаса, «Қазақстан республикасы ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімі» сарбаздары Абайдың өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Сонымен қатар, ақынның шығармашылы мен қара сөздеріне, аудармаларынан арнай дайындалған бейнебаянын тамашалап, кітапхана қорындағы кітаптардан «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы — таңырқа!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.