«Адамдарға қуаныш сыйлау үшін мейірімді және сыпайы болу керек»

25 шілде күні «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне «Адамдарға қуаныш сыйлау үшін мейірімді және сыпайы болу керек» атты танымдық сағаты өткізілді. Балалар сыпайы сөздерді атады, әр түрлі жағдаяттарды талдап, сыпайы адам өзің қалай ұстау керек, «Әдепті-әдепсіз», «Мейрімді және мейірімсіз ертегі кейіпкері», «Таразыдағы жақсылық пен жамандық» ойындарын ойнады, мақал-мәтелдерді еске түсірді, мейірімділік туралы тақпақтар тыңдады. Балалар сыпайы, мейірімді болуға уәде берді. Шараға орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.