«Сұлулық барлық жерде өмір сүреді»

Орталық қалалық кітапханада Ақсу қаласынан Т.М. Тишакованың жетекшілігімен Сәбит Донентаев атындағы қалалық мәдениет сарайының «Триумф» көркемсурет студиясының әуесқой суретшілерінің «Сұлулық барлық жерде өмір сүреді» атты көрмесі ашылды. «Триумф» өнер студиясы 2020 жылы құрылды. Бүгінгі таңда оның саны 13 адамды құрайды. Оқу барысында көптеген облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда жүлдегерлер мен номинанттар атанды. Салтанатты шараға Ақсу қаласының Құрметті азаматы, өнер қайраткері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі О.А.Шоранов, Ақсу тарихи-өлкетану музейінің жетекшісі Г. Ақшулакова, Павлодар қаласының «Классиктер мен замандастар» әдеби клубының мүшелері, суретшілер, кітапхананың тұрақты оқырмандары, ақындар мен өнер сүйер қауымы қатысты.

Комментарии запрещены.