«Әртүрлі ертегілер»

2024 ж. 15 шілдеде жазғы демалыс кезінде «Балшуақ» жасөспірімдер клубының оқушыларына «Әртүрлі ертегілер» атты іс шара өткізілді. Балалар «Ертегілер әлемінде» қызықты саяхатқа шықты. Шара барысында балалар ертегілер мен ертегі кейіпкерлерін есте сақтауға тырысты, ойындар ойнады, көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біліп, ертегімен бірге демалды. Сонымен қатар балалар «Кітап туралы мәлімдемелер» викторинасына және «Сұрақ-жауап», «Сурет қай ертегіден алынған?» әдеби ойындарына қатысты. Іс-шараға қазақ, орыс және шетелдік балалар жазушыларының шығармалары жинақталған «Кітап – білім бұлағы» атты кітап көрмесі дайындалды.

Комментарии запрещены.