11 шілде күні кітапхана оқырмандары үшін «Нағыз достықтың құпиялары» атты қарым-қатынас сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: бір-біріне деген толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру: достаса білу, достықты қастерлеу. Кітапханашылар балалармен достық, нағыз достың қасиеттері туралы әңгімелесті. Балалар «Сәлем досым», «Жақсы-жаман», «Бірінші әріппен сөз» ойындарына қатысты, «Досты тап» викторинасының сұрақтарына жауап берді, достық туралы мақал-мәтелдер білімдерін көрсетті. Балалар дос болуға тек адам ғана емес, сонымен қатар кітап, сүйікті ойыншық немесе үй жануары бола алатынын білді. Балалар өздерінің отбасылық достарын ит пен мысықтардан пазл жинады. Шара барысында достық туралы әндер шырқалды: «Достық – жұмыс емес», «Достар әні» т.б. Шара соңында барлығы бірге достық гүлін жинады.