«Халықтың дауысты тарихы»

№96 балабақша тәрбиеленушілеріне Ұлттық домбыра күніне арналған «Халықтың дауысты тарихы» атты ақпаратты-музыкалық сағаты өткізілді. Домбыра – ғасырлар бойы қазақтың ой-пікірін, халықтың жан дүниесін аша білген музыкалық аспап. Балалар халық аспабы домбыра туралы, ұлы композитор Құрманғазы мен оның шәкірті Дина туралы мағлұмат алып, «Ақсақ құлан» аңызымен танысып, домбыра тартуға тырысты. Шараға тақырыптық сөре безендірілді.

Комментарии запрещены.