«Домбыраның сиқырлы дыбыстары»

«Кітап көмекке асығады» жобасы аясында 5 шілде күні «Альрами» клуб үйінің ARCUS дамыту орталығының мүшелеріне Домбыра күніне арналған «Домбыраның сиқырлы дыбыстары» атты библио-қобдишасы өткізілді. Кітапханашы іс-шараны «Музыкалық білімдар» жаттығуы және «Музыкалық аспаптар әлемі» виртуалды викторинасының көмегімен дыбыстар мен әуендер әлеміне енуге шақырды. Викториналық сұрақтардың бірі экраннан естіген домбыра туралы болды. Одан кейін жүргізуші бұл мерекенің Қазақстанда пайда болу тарихына, кім бұл мерекенің бастамашысы болды, оның қазақ халқының болашағы үшін маңызына, аңыз-әңгімелеріне тоқталды. Іс-шара қонақтары: Павлодар облысы бойынша «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Гүлмира Мерсайқызы Сағындықова; «Ақ жол» партиясының мүшесі, облыстық қазақ халық шығармашылығы және бос уақытын ұйымдастыру орталығы басшысының орынбасары Айбек Тілеубекұлы Оралхан; атақты күйлерді орындаған «Тоғыз перне» домбырашылар ансамблі; Қ.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің Украина филиалының студенттері София мен Вера Головчук «Домбыра – қазақ халқының жаны» презентациясымен.Соңында қатысушылар «Ақсақ құлан» мультфильмін тамашалап, «Қазақ халқының музыкасы» шағын викторинасында өз білімдерін көрсетті.

Комментарии запрещены.