5 қазан күні №96 балабақша бүлдіршіндері үшін «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» жобасы аясында «Кітапхана – кітаптардың үйі» атты кітапханалық серуен өтті. Экскурсия барысында балалар абонемент пен оқу залының не екенін біліп, «ертегілер жұмбақтарын» шешіп, «Иә-Жоқ», «Мейірімді-мейірімсіз», «Ертегіні есіне түсір» ойындарына қатысты. Балалар кітап-журналдарды қызыға қарап, сүйікті ертегілерін айтып, кітапхана оқырманы болуға уәде берді.