«Домбыраның сиқырлы үні»

1 шілде күні «Ұлттық домбыра күніне» орай Малайсары батыр атындағы мектептің жанындағы лагерінің балалары үшін «Домбыраның сиқырлы үні» ақпарат сағаты өткізілді. Бағдарламада: домбыра туралы аңыз айтылды; Ұлттық аспабымызды төрткүл дүниеге алғаш танытқан Әміре Қашаубай туралы бейнебаян көрсетілді; инновациялық қаламмен сөйлейтін «Даналық әліпбиі» кітабы таныстырылды, оның көмегімен Құрманғазының «Сарыарқа» күйі; «Қасиетті домбыра» караоке әні; «Домбыра — Қазақ ұлттық музыкалық аспабы» домбырасын жасау туралы бейнеролик; домбыра туралы қызықты деректер; «Домбыра» кроссворды тыңдалды.

Комментарии запрещены.