«Сәлеметсіз бе, Жаз!»

25 маусым күні жазғы демалыс кезінде № 5 ЖОББМ мектеп жанындағы лагерінің оқушылары үшін балалардың жыл мезгілі — жаз туралы білімдерін кеңейту мақсатында «Сәлеметсіз бе, Жаз!» интеллектуалды марафоны өткізілді. Кітапханашы жылдың жаз мезгілі балалардың ең сүйікті мезгілі екенін айтты; жазғы күнтізбенің әр күні қызық, өйткені жаздың әр күні қуаныш, демалыс, мереке болып табылады және «Жаз туралы» бейнебаянын көруін ұсынды. Әрі қарай бағдарламада: «Міне, біздің жазымыз», «Қызық болсаң, мынаны істе», «Мектепте сабақ береді» әндерін бірлесіп орындау; «Шапалақтау, қағу», «Иә-Жоқ», «Допты беру», ойындары; «Жұмбақ құрастыр», «Жазғы жұмбақтар» сайыстары; «Көңілді жаз» сұрақ-жауап ойыны. Іс-шара соңында қатысушылар «Ертегілер әлемінде» («Ну-погоди» сериясының 16 шығарылымы) мультфильмін тамашалады.

Комментарии запрещены.