«Маған Анна есімі берілді»

ХХ ғасырдың ең жарқын және талантты орыс ақындарының бірі-Анна Андреевна Ахматованың туғанына 135 жыл толуына орай «Қарым-қатынас қуанышы» жобасы аясында кітапхана қызметкерлері 18 маусымда Ахматованың поэзия сүйер қауымын «Павлодар облысының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ зейнеткерлерін – «Маған Анна есімі берілді» поэзия сағатына шақырды. Электронды презентацияны қолдана отырып, кітапханашылар қиын, қайғылы оқиғалармен, ұлы орыс ақынының өмірбаянымен таныстырды. Іс-шара барысында А.А. Ахматованың шығармашылығына арналған Ресейдің Халық әртісі Светлана Крючкованың «Бүкіл жер жолымен» поэтикалық бағдарламасынан бейне үзінді көрсетілді, басқа да танымал орыс актерлерінің орындауындағы ақын өлеңдерінің аудиожазбалары тыңдалды.

Комментарии запрещены.