«Мейірімді даналық сөздер»

Қазақ журналисі, өлкетанушы, педагог, ақын М. К. Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына орай кітапхана қызметкері 14 маусымда Достық үйінің акт залында 11, 24 ЖОББМ мектеп жанындағы лагерінің балалары мен Қ. Даржұманов атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары үшін «Мейірімді даналық сөздер» әдеби сағаты өткізілді.. Кітапханашы балаларды Мүбәрак Кәрімұлының өмірімен таныстырып, олардың назарына «Мүбарак Жаманбалинов: шалқар шабыт» фильмін және ақынның өлеңдеріне жазылған «Әйгіліді аудан – Ертісім» әнін ұсынды. Іс-шарада Қ. Даржұман атындағы мектебінің оқушылары дайындаған ақынның «Шуақты күн» жинақтарынан «Кәрілік», «Түймелі көзім», «Дәрігер тоқылдақ», «Бауырсақ», «Сурет», «Ақымақ аю» т.б өлеңдері оқылды. Шара соңында оқушылар «М. Жаманбалиновтың 100 жылдығына» арналған иллюстрациялық және виртуалды көрмелермен танысты.

Комментарии запрещены.