31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай № 3 көпшілік кітапханада «Жараланған жылдар жаңғырығы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Атамекен кентінің ардагерлер кеңесінің мүшелері, кент жұртшылығы, кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында халық арасында «ұлы жұт» деп аталған 30-шы жылдардағы қайғылы оқиғаның себептері, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың тағдыры туралы айтылды. Құрбандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Іс-шара ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке, 1929 жылдан 1933 жылға дейін адамдардың жаппай жерленген ескі мұсылман зиратына гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Біздің халқымыздың тарихының осы ащы, қайғылы парақшасына кітапханада «Зұлмат жылдар елесі» әдеби көрме ұйымдастырылды.