«Тарихи дәуірдің символы»

28 мамырда № 3 көпшілік кітапхананың кітапханашылары қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Тарихи дәуірдің символы» тарихи сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды ұлы жазушының мұрасымен таныстыру, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілікті ояту. Іс-шараға Ж.Аймауытов атындағы қазақтың музыкалық-драма театрының актрисасы Құспан Дина Шайдоллақызы шақырылды. Іс-шараға қатысушылар Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы біліп, «Қазақтың таң жұлдызы» бейнеролигін тамашалады, кітапханада «Жүсіпбек Аймауытов – халық перзенті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.