23 мамыр күні сағат 12.00-де № 3 көпшілік кітапханада «Сырғалым» жобасы аясында Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, «Аламан көрпе» байқауының қатысушысы, «Көрпе Фест» фестивалінің жеңімпазы, қоғам қайраткері, қолөнерші Сүнгатова Ғалия Балтабаевнамен «Қолөнер – ұлттық құндылығымыз, дәстүрдің жалғасы» атты шығармашылық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: жастарға құнды ұлттық қасиеттер туралы әңгімелеу, қазақ қолөнерін дәріптеу. Іс-шара барысында Ғалия Балтабайқызы өзі туралы айтып, өз жұмыстарын таныстырды, оқушылардың сұрақтарына жауап берді, кол таңба өнер шығармашылық бойынша өз кеңестері мен ұсыныстарын берді. Кездесуге «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Шаханова, «Кәусар бұлақ» клубының мүшесі Секер Құдайберген, «Қамқор» орталығының басшысы Салтанат Закарьяновна Сәрсембаева, № 33 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.