«Отпен ойнама»

7 маусым күні жазғы демалыс кезінде Павлодар ауданы білім беру бөлімінің Кемеңгер жалпы орта білім беру мектеп жанындағы лагерінің бастауыш сынып оқушылары кітапханаға қонаққа келді. Қонақтарға  экскурсия жасалынды. Содан кейін оларға «Отпен ойнама» атты сайыс -ойын бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламада: «Тентек сіріңке» туралы ертегі; оттың зиянды жақтары, өрттің шығу себептері туралы әңгіме; от туралы мақал –мәтелдер; «Кателеспе», «Кім шапшаң», «Болады, болмайды» ойындары; «Отпен ойнама, балақай!» мультфильмі; «Өрт қауіпсіздігінің 9 ережесі» бейнебаян; «Өрт нөмірі 01» эстафетасы. Шараға балалар белсенді қатысты.

Комментарии запрещены.