«Біз қоршаған ортамен біргеміз» экоквест ойыны

5 маусым күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында, Экологтар күніне орай «Радуга» №40 мектеп жанындағы лагер балаларына «Біз қоршаған ортамен біргеміз» экоквест ойынын өткізді. Ойын 5 кезеннен тұрады: «Ойлан тап», «Табиғат достары», «Жұмбақтар», «Сөзжұмбақ шешу», «Сиқырлы сандық».

Балалар топтарға бөлініп ойынға кірісті. Олар табиғатқа, құстарға, жануарларға және экология тақырыбына сөзжұмбақтар шешіп, сұрақ-жауаптарға белсене жауап берді.

Комментарии запрещены.