«Экология – ел тағдыры»

№ 39 мектеп жанындағы лагерь оқушыларына 5 маусым — Экологтар күніне орай «Экология – ел тағдыры» атты экология сағаты өткізілді.
Экология сағатына келген жас буын оқырмандарымен кітапханаға саяхат жасалып, әрі қарай қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде біз және табиғат байланыстылығын білуге, табиғаттың төрт құдіреті туралы ерекше түсініктер беріліп өтті. Табиғаттың адамға тигізер пайдасы мен адамның табиғатқа тигізер зиянын ашып айтып, табиғатқа байланысты жағдаяттар қызығушылықпен талқыланды.
Олардың ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға ерекше тоқталып, экологияны сақтауға байланысты көптеген ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, жас буын оқырмандарына «Экология және тұрақты даму» бейнебаяны мен «Табиғатты аялау – ортақ міндет» слайд көрсетілімі ұсынылды.

Комментарии запрещены.