«Ел рәміздері-ел рухы»

04.06.2024 ж. 4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемелекеттік рәміздер күніне орай С.Торайғыров атындағы №28 ЖОББМ жанындағы лагерь балаларының қатысумен «Ел рәміздері-ел рухы» атты патриоттық сағаты өткізілді. Іс – шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен ашылып, шарада Мемелекеттік рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы айтып өтілді.
1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз — ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні ретінде бекітілді.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпақтары Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. Шараға «Рухты асқақтатар рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны туралы материалдармен қойылып, «Рәміздерім- елдігімнің нышаны» атты слайдқа шолу жасалып, балалар түрлі ойындар мен викториналық сұрақтарға белсенді қатысып, Отан, Туған ел, Достық туралы өлендер айтып, мақал-мәтелдерге жауап берді.
Шара сонында ОҚК ның кітапханашылары рәміздер мерекесіне арналған іс-шараға белсенді қатысқан лагерь балаларына алғысын айтып, оқушыларға естелік сыйлықтарды табыстады. Шараға қатысқан оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Комментарии запрещены.