4 маусым күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында. №27 және №1 ЖОББМ оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер — елдің негізі» ақпарат күні өткізілді. Іс-шараның басталуы қатысушылардың Қазақстан Республикасының әнұранын орындауымен ерекшеленді. Бұдан әрі кітапханашы ҚР Мемлекеттік рәміздерін туралы қысқаша тарихын айтып берді, сондай-ақ Елтаңба, Ту және Әнұран елдің саяси тәуелсіздігі мен егемендігінің нышандары екенін еске салды. Балаларға «Еліміздің рәміздерін қолдану тәртібі» бейнесі, әлемнің ең биік шыңы — Эвересті бағындырған және Қазақстан Республикасының туын орналастырған алғашқы Қазақстандық қыз Анара Бурашованың фотосуреттері ұсынылды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған түрлі сұрақтар қойылды. Қатысушылар викторинаға белсенді қатысты. Олар еліміздің жалауларын көтеріп «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдады. Іс-шара соңында қатысушыларға «Менің елім» кітабына шолу жасалды, «Қазақстан Республикасының рәміздері» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп жанындағы лагерьдің әр түрлі жастағы балаларына іс-шара ұнады және олардың әрқайсысы біздің еліміздің рәміздерімен мақтанады.