29.05.24 ж. 31 мамыр күні – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты тарихи кеш өтті.
Тарихи кешке С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, ф.ғ.д. Тұрышев А. Қ., Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке тарихын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алиева Г. М. және №5512 Әскери бөлімінің сарбаздары мен Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері шақырылды.
Бұл маңызы зор шараға келген қонақтар ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы еліміздің тарихы, ХХ ғасырдағы қазақтың көрген құқайы аз еместігі. Ғасыр басындағы Ұлт-азаттық көтерілісі, Октябрь төңкерісі, қайталап соққан аштық, саяси қуғын-сүргін, соғыс теңіз толқынындай қуалай келіп, қазақты жүдетіп ғана емес, жер бетінен ысырып тастай жаздағандығы. Саяси қуғын-сүргін мен бас-аяғы он шақты жылдың ішінде екі рет қайталанған алапат аштықтан халық қынадай қырылғандығы.
Сондай-ақ кітапхана қорындағы кітаптардан «Зұлмат жылдар зобалаңы» атты кітап көрмесіне шолу және саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алуға және аштық тақырыбына арналған бейнеролик ұсынылды.